31.07.2023, 11:07
Оқиғалар
Павлодарда үйдің балконы жанып, пәтер иесі зардап шекті
Үйдің 15 тұрғыны, оның ішінде жеті бала өздері эвакуацияланды
Фото ашық дереккөзден
Павлодарда үйдің балконы жанып, пәтер иесі зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық ТЖД мәліметінше, 30 шілдеде түнгі сағат 00:03-те Ломов көшесі, 41 мекенжайы бойынша бесінші қабатта балкон жанып жатқаны туралы хабарлама түскен.
"Бір бөлмелі пәтерде 12 шаршы метр аумақта киім мен жиһаз жанғаны анықталды. 39 жастағы үйдің иесі №1 қалалық ауруханаға күйік бөлімшесіне жатқызылды", – делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге бес бірлік техника және 22 қызметкер жұмылдырылды.
Жарты сағаттан кейін 00:31 өрт сөндірілді. Үйдің 15 тұрғыны, оның ішінде жеті бала өздері эвакуацияланды.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 22:44
Оба індеті: Ресей ДДСҰ-ға маңызды мәлімдеме жасады
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы