Солтүстік Қазақстанда жоғалған оқушының денесі көлден табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай реестріне алынды

Фото: sputniknews.kz

Солтүстік Қазақстан облысында қазанның 13-і күні жоғалған мектеп оқушысының өлі денесі ертеңінде көлден табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі sputniknews - ке сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы Булаев қаласында болған. Жоғары сынып оқушысы 13 қазан, түнгі 22:00 шамасында үйінен шығып кеткен. Қайтып оралмаған бойжеткеннің туған-туыстары полицияға хабарлаған. Қызды тәртіп сақшылары, волонтерлар мен жергілікті тұрғындар бірігіп іздеген. Оның мәйіті келесі күні көлден табылды.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағанындай, сараптама ешқандай зорлық-зомбылық белгілерінің жоқтығын көрсеткен. Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай реестріне алынды.  Тәртіп сақшылары қыз жақсы отбасынан шыққанын, марқұмның көзі тірісінде ешқашан оғаш мінез көрсетпегенін атап өтті.