Қазіргі кезде сотқа дейін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Атырау облысында жантүршігерлік жол-көлік апатынан әйел адам екі кішкентай қызымен бірге қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаменті хабарлағандай, қайғылы оқиға 18 шілдеде сағат 15:30 шамасында болған.
«Атырау – Индер тасжолының 123 шақырымында Toyota Camry және КаМАЗ жүк көлігі соқтығысты. Соның салдарынан Toyota көлігінде болған 3 жолаушы оқиға орнында қайтыс болды, жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Қайтыс болған 3 жолаушы анасы мен 1 және 15 жастағы қыздары – БҚО тұрғындары», - деоінген хабарламада.
Қазіргі кезде сотқа дейін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«Полиция кез келген жағдайда жол қауіпсіздігін сақтау қажеттігін ескертеді. Ауа райы жауын-шашын болған жағдайда жылдамдықты шамадан тыс асырмай, көліктер арасындағы арақашықтықты сақтаңыздар», - деп ескертеді ПД өкілдері.