«Сергек бар ма, жоқ па, бәрібір»: ақтаулық жүргізуші нөмірсіз көлікті тізгіндеп, айыппұл арқалады

Azattyq Rýhy

Жүргізушіге он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынды

«Сергек бар ма, жоқ па, бәрібір»: ақтаулық жүргізуші нөмірсіз көлікті тізгіндеп, айыппұл арқалады

Ақтауда жүргізуші автокөліктің нөмірін әдейі алып тастап, жылдамдықты асыра пайдаланды. Жол ережесін бұзған азаматтың бейнесі әлеуметтік желілерде жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.

«Маған бәрібір, Сергек бар ма, жоқ па? Бәрібір», - делінген желіде жарияланған видеода.

 Осы сөздерден кейін көлік иесі нөмірді шешіп, оны камераға анық көрсетеді. Сонымен қатар, бейнежазбада автокөлік жүргізушісінің қала ішінде жылдамдықты сағатына 60 шақырымнан асыра пайдаланғаны байқалады.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, автокөлік жүргізушісінің жеке басы анықталып, тиісті шаралар қабылданды.

«Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүргізушінің жеке басын анықтады. 21 жастағы жүргізушіге қатысты мемлекеттік белгісі жоқ көлік құралын басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК 590-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды», - делінген хабарламада.

Жүргізушіге он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынды.

Айта кетейік, 1 шілдеден бастап Ақтауда «Сергек» бейнебақылау жүйесі іске қосылды. Қала бойынша желілік учаскелерде, қиылыстарда және теміржол өткелдерінде 638 бейнебақылау камерасы орнатылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.