04.07.2023, 16:38
Оқиғалар
Павлодарда тоқ соққан екі жігіттің жағдайы ауыр - дәрігерлер
Зардап шеккен жігіттерді 30 және 40 пайыз күйік шалған
Фото ашық дереккөзден
Усолка шағын ауданында ағаш кесу кезінде зардап шеккен үш жігіт бірінші қалалық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, екі адамның жағдайы ауыр деп бағаланады.
«Екеуін 30 және 40 пайыз күйік шалған. Үшінші адамды екі пайыз күйік шалған, күйік бөлімшесінде жатыр», – деді басқармада.
Естеріңізге сала кетейік, Вектор» аялдамасы жанында ағаштарды кесу жұмыстары кезінде ішінде адамдар болған манипулятордың көтергіші құлап, электр желілеріне тиген. Салдарынан үш адам электр тогынан жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Олардың екеуі 2002 жылы және біреуі 2000 жылы туған.
Көп оқылған
17.05.2026, 07:29
Синоптиктер 17 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады
17.05.2026, 08:31
Қазақстан Иранға гуманитарлық көмек жіберді
17.05.2026, 06:38
Қазақстанда соңғы жылдардағы ең ерекше «Музей түні» өтеді
17.05.2026, 11:10
Алматы тауларында жағдайы күрт нашарлаған жасөспірім құтқарылды