$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Офицерлерге тәртіптік жаза қолданылады»: Министр Дәулет Тұрлыхановтың ұлы жайлы

Министр әскер тәрбиедегі олқылықты түзейтін жер емес екенін айтты

«Офицерлерге тәртіптік жаза қолданылады»: Министр Дәулет Тұрлыхановтың ұлы жайлы
Фото: kaztag.kz

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов депутат Дәулет Тұрлыхановтың әскери бөлімнен өз еркімен кетіп қалуы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бұл - тәртіптік әрекет, ол тәртіптік жарғыға сәйкес жазаға тартылады. Қалғанының барлығын қылмыстық тергеу органы қабылдайды. Әскери тергеу органының шешіміне сәйкес ол  қолбасшылықтың бақылауында болған және өз еркімен әскери бөлімнен кетіп қалған. Әскер – жас қылмыскерлерді ұстайтын колония емес. Біздің қызметіміз мүлдем басқа. Бұл тәрбиеден кеткен олқылық, түсінесіз бе?! Бұған дейін де бірнеше рет айтып жүрмін. Ең бірінші кезекте тәрбие болуы керек. Біз тәрбиедегі олқылықтарды түзететін жер емеспіз, олай істей алмаймыз, өйткені біздің жұмысымыз басқа», - деді министр.

Сонымен қатар, ведомство басшысы сарбаздың әскерден қашуына жол берген әскерилерге қандай жаза қолданылуы мүмкін екендігіне тоқталды.

«Оның қашуына жол берген офицерлерге тәртіптік жаза қолданылады. Қандай жаза екендігін сот анықтайды», - деді Руслан Жақсылықов.

Еске салсақ, осыған дейін қоғам қайраткері, танымал спортшы Дәулет Тұрлыхановтың әскердегі ұлы борышын өтеу орнынан қашып кеткені белгілі болған.

Серіктес жаңалықтары