Нысан «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынуы тиіс
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Сарышаған ауылында мектеп салуға арналған қаражаттың 45 млн теңгеден астамын қолды етті деген күдікке ілікті. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Жемқорлыққа қарсы Агенттіктің Балқаш аймағы бойынша ауданаралық бөлімі «Ақтоғай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ мен «Аспап» өндірістік кешенінің лауазымды тұлғаларының бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған.
Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өткен аптада 50 қылмыстық істің тіркелгенін жеткізді. Оның басым көпшілігі пара алу фактілеріне қатысты. 10 іс бойынша бойынша сот үкімі шықты.
Эльмира Мәмбетқызы, СҚО