$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.03.2020, 15:12
Оқиғалар

ХҚКО-лар сағат беске дейін жұмыс істейді

Кеңселерде қолжетімді онлайн қызметтер көрсетілмейді

ХҚКО-лар сағат беске дейін жұмыс істейді

ХҚКО-лар ТЖ режимі кезеңінде белгіленген жұмыс тәртібіне көшеді. Олар онлайн алуға болатын қызметтерді көрсетпейді. Төлқұжат пен жеке куәлік, зейнетақы мен әр түрлі жәрдемақы тағайындау және тағы басқа қызмет түрлері ұсынылады, деп жазды Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш министрі Асқар Жұмағалиев facebook парақшасында.

«Ал, қызметтердің қалған 80%-ын онлайн алуға болады. Біз сондай-ақ, 1414 колл-орталығының жұмысын күшейттік. ХҚКО қызметкерлері Сізге қажетті мемлекеттік қызметтерді қашықтан өз бетінше алуға көмектеседі. Аса қажет болмаса ХҚКО-ға баруды кейінге қалдырғаныңыз жөн. Еліміздегі барлық ХҚКО-лар сағат 17.00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығына жауапкершілікпен қараңыз.», - делінген жазбада.

 

Серіктес жаңалықтары