$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.07.2023, 17:28
Оқиғалар

Кенияда жол апатынан 49 адам қаза тапты

Құрбандардың саны артуы мүмкін

Кенияда жол апатынан 49 адам қаза тапты
Фото: euronews.com

Кенияның батысында жол апатынан кем дегенде 49 адам қаза тапты. Полиция өкілі Абди Хасан іздеу жалғасып жатқанын және құрбан болғандардың саны әлі де артуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Кенияның батысында жол апатынан кем дегенде 49 адам қаза тапқанын көлік министрі Кипчумба Муркомен хабарлаған.

Полиция өкілі Абди Хасан іздеу жалғасып жатқанын және құрбан болғандардың саны әлі де артуы мүмкін екенін айтты.

Қайғылы оқиға жұма күні кешке болды. Жүк көлігінің жүргізушісі бос емес қиылыста көлікті басқара алмай, сегіз көлікті, бірнеше мотоциклді қағып кетті, сонымен қатар көптеген адамды жол жиегіне ысырған.

Куәгерлердің айтуынша, көлік жоғары жылдамдықпен қозғалған және қауіпті маневр жасаған. Оның жүргізушісіне не болғаны әлі белгісіз.

Кения президенті Уильям Руто өзінің Twitter парақшасында қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.

«Қаза тапқандардың арасында жарқын болашағы бар жастар мен күнделікті міндеттерін орындайтын саудагерлер болғаны өкінішті»,- деп жазды ол.

Серіктес жаңалықтары