Алдын ала мәлімет бойынша, екі ер адам арасында жанжал туындап біреуі қару қолданған
Алматының Байзақов көшесінде ер адамды атып кетті, ол оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
«Алматы қаласы Полиция департаменті аңшылық шолақ мылтықпен өз танысын атып өлтірген 1991 жылы туған И. есімді күдіктінің ұсталғанын хабарлайды. Алдын ала белгілі болғандай, екі ер адам арасында туындаған жанжал салдарынан біреуі қару қолданған», - деп хабарлады ведомстводан.