25.06.2023, 14:30
Оқиғалар
Қарағандыда 25 жастағы бойжеткен төртінші қабаттан құлап кетті
Қыздың миына қатты зақым келген
Фото ашық дереккөзден
Қарағандыда 25 жастағы бойжеткен төртінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға Гоголь көшесіндегі тұрғын үй кешендерінің бірінде болған.
Әлеуметтік желіде жарияланған жазбада қыздың пәтерінде бірнеше жігіт болғаны, олардың тез арада қашып кеткені айтылады.
Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен қыздың 25 жаста екенін нақтылады. Оның миы қатты зақымдалған. Қазіргі уақытта қыз комада жатыр.
Полиция жазатайым оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
«Бұл дерек полицияда тіркелген. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметі.
Көп оқылған
16.08.2026, 06:21
Қостанайда жүзе алмаған әке қызын құтқармақ болып қаза тапты
16.08.2026, 16:06
17 тамыз күні ауа райы қандай болады
16.08.2026, 16:37
БҚО-дағы Ми-8 тікұшағының апатына қатысты іс сотқа жолданды
16.08.2026, 10:38
Астана – Щучинск тасжолындағы апат: жүргізуші жолда ұйықтап кеткен
16.08.2026, 15:06
Ақтөбе облысында бұзылған автобустан 14 жолаушы эвакуацияланды
16.08.2026, 08:47
Конгода Эболадан әр 30 минут сайын бір адам көз жұмады