26.06.2023, 08:36
Оқиғалар
Қарағандыда ер адам бұрынғы әйелі тұрмысқа шыққаны үшін көпірден секірмек болды
29 жастағы қала тұрғынына қатысты әкімшілік іс қозғалды
Видеодан кадр
Қарағандылық тұрғындар көпірден секірмек болған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 25 маусымда болған.
«Сағат 21:30-да белгісіз азамат Бұқар жырау даңғылындағы көпірден секірмек болған. Өз-өзіне қол салмақ болған азаматты сол жерден өтіп бара жатқан адамдар түсіріп алып, полиция жасағына берді», - делінген хабарламада.
Полиция қызметкерлері 29 жастағы қала тұрғынына қатысты әкімшілік іс бастады.
«Спирттік ішімдік ішіп алған ер адам бұл әрекетке бұрынғы әйелінің тұрмыс құрғанын естіген соң барған», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды