25.06.2023, 11:17
Оқиғалар
Ақмола облысында жоғалып кеткен полицейдің денесі табылды
Мәйіт Қылшақты өзенінен табылған
Фото ашық дереккөзден
Ақмола облысында жоғалып кеткен полиция бөлімі бастығының орынбасары өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алдын ала ақпарат бойынша, мәйіт элеватор аймағындағы Қылшақты өзенінен табылған.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Сараптама тағайындалды.
Бұған дейін Ақмола облысында хабар-ошарсыз кеткен Зеренді ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары екінші тәулік бойы іздестіріліп жатқанын хабарлаған болатынбыз.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды