Ақмола облысында жоғалып кеткен полиция қызметкері екі күннен бері іздестіріліп жатыр

Azattyq Rýhy

Ол 20 маусымда үйінен белгісіз бағытта шығып кеткен

Ақмола облысында жоғалып кеткен полиция қызметкері екі күннен бері іздестіріліп жатыр
Фото: іnstagram/sinegor.kz

Ақмола облысында хабар-ошарсыз кеткен Зеренді ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары екінші тәулік бойы іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Sinegor.kz парақшасының жазуынша, Тұрар Дүйсенбиннің әйелі күйеуінің жоғалып кеткені туралы полицияға 23 маусымда хабарлаған. Сол кезден бастап полиция қызметкерлері, әскери қызметкерлер мен волонтерлар Ақмола облысында жоғалған полицейді жаппай іздеп жатыр.

«Жұбайының айтуынша, Т. Дүйсембин 20 маусымда үйден белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған. Содан бері оның қайда екені белгісіз. Сондай-ақ, қазіргі уақытта Т. Дүйсембин бұйрыққа сәйкес кезекті еңбек демалысында екенін хабарлаймыз», - деп мәлім етті Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.

Полиция кез-келген ақпаратқа ие адамдарды құқық қорғау органдарына хабарласуды сұрайды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.