19.06.2023, 17:47
Оқиғалар
Талдықорған маңында жол апатынан екі адам қаза тапты
34 жастағы әйел түрлі жарақатпен қалалық ауруханаға жатқызылды
Фото: polisia.kz
Талдықорған маңында көлік апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға Талдықорған – Үштөбе айналма жолында болған.

«Mitsubishi Pajero автокөлігі КамАЗ жүк көлігімен соқтығысты. Mitsubishi Pajero-ны 32 жастағы ер адам басқарған, ол жолаушысымен бірге оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ 34 жастағы әйел түрлі жарақатпен қалалық ауруханаға жатқызылды», - делінген хабарламада.

Қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 22:34
Ақтөбеде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)
04.10.2026, 07:27
Қар аралас жаңбыр, тұман, жел: 4 қазанға арналған ауа райы болжамы