Қатты жел мен батпақты жер салдарынан өртті сөндіру қиындай түсті
Астана маңында құрғақ шөп өртеніп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Астана қаласының ТЖД хабарлауынша, құрғақ шөптің өртенуі туралы хабарлама 19 маусымда сағат 09.12-де түскен.
«Келген бойда өрт сөндірушілер Қорғалжын тасжолы мен Қосшы қаласының айналма жолында құрғақ шөптің өртеніп жатқанын анықтады. Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер алдын ала болжам бойынша 15 гектар аумақта өрт сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр», - делінген ТЖД хабарламасында.
Өртті сөндіру қатты екпінді желдің және жердің батпақтығы салдарынан сондай-ақ кірме жолдардың болмауымен қиындау түскен.
«Өртті сөндіруге жеке құрамның 140 адамы және Астана қаласы ТЖД техникасының 21 бірлігі, әкімдіктің 8 суару машинасы және Астана орманның 10 бірлігі жұмылдырылды», - делінген хабарламада.