Павлодарда 75 жастағы енесін зорлаған ер адамға сот үкімі шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Ер адам 8 жылға бас бостандығынан айырылды

Фото ашық дереккөзден

Павлодар қалалық № 2 сотында қайын енесін зорлаған 54 жастағы ер адамға қатысты үкім шықты. Қылмыстық іс жабық режимде қаралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Полицияға жәбірленушінің қызы арыз түсірген. Тергеу барысында жүргізілген сараптама ер адамның кінәсін дәлелдеді. Қылмыскер қайын енесінің дәрменсіз күйін пайдаланып, екі рет зорлаған. Сараптама нәтижелеріне қарамастан, айыпталушы өз кінәсін мойындамады», - делінген Павлодар қалалық № 2 сотының үкімінде.

Ер адам ҚР ҚК-нің 55-бабын қолдана отырып, ҚК-нің 120-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы бойынша сотталып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Одан бөлек ол жәбірленушіге моральдық залалдың өтемі ретінде 5 миллион теңге төлеуге міндеттелді.