$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.06.2023, 22:50
Оқиғалар

Балқаш жылу электр орталығында апат болды

Апат салдарынан 3 қазандық пен 3 турбина сөндірілді

Балқаш жылу электр орталығында апат болды
Фото: gov.kz

2023 жылы 15 маусымда сағат 16.22-де «Қазақмыс Энерджи» ЖШС-ның Балқаш ЖЭО-сында секциялық ажыратқыш зақымданып, салдарынан меншікті электр қажеттіліктерін жоғалтуына байланысты 10 кВ тарату құрылғысы токтан ажыратылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 3 қазандық пен 3 турбина сөндірілді. ЖЭО генерациясы 110-нан 0 МВт-қа дейін төмендеді.

«Сағат 17.10-да электр станциясын бұру бойынша операциялар басталды. Қазіргі уақытта 1 қазандық пен 1 турбина жұмыс істеуде. Технологиялық бұзушылықты тексеру Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментінің қатысуымен жүргізіледі», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары