Темірбетон плитаның құлауынан ешкім жарақат алған жоқ
2023 жылғы 15 маусым күні сағат 16.45-те «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС-ның Екібастұз ЖЭО-сында жұмыс істеп тұрған №5 қазандыққа төбенің темірбетон плитасы құлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР энергетика министрлігің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Темірбетон плитаның құлауынан ешкім жарақат алған жоқ. Плитаның құлау аймағындағы барлық жөндеу және пайдалану жұмыстары тоқтатылды.
Бұған дейін, 2023 жылғы 11 маусымда жөнделетін №7 қазандық аумағында бүйір қоршау конструкцияларының 8 темірбетон плитасы құлаған болатын.
Ертең, 16 маусымда қазандықтардың үстіндегі шатыр конструкцияларына зерттеу жүргізу жоспарланған, оның нәтижелері бойынша жұмыстарды қайта бастау туралы шешім қабылданады.