Оқиға Сүйінбай даңғылының бойында Баянауыл көшесі мен Райымбек даңғылы арасында болған
Сүйінбай даңғылымен келе жатқан көлік жүргізушісі көшеден жүгіріп өтпек болған қызды байқамай қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі sputniknews сайтына сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуынша, Toyota Camri автокөлігінің жүргізушісі Райымбек даңғылымен қиылысқа жақын маңда жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған қызды байқамай, бар жылдамдықпен қағып кеткен.
2002 жылы туған қыз жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында көз жұмды.
Қазіргі уақытта полиция қайғылы жағдайдың мән-жайын тексеріп жатыр.