$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Жағдайды дұрыс бағаламаған»: Скляр өрттің өршіп кетуі жайлы

Ол жақын арада өрт ошақтары сөндіріледі деп сенеді

«Жағдайды дұрыс бағаламаған»: Скляр өрттің өршіп кетуі жайлы
Фото ашық дереккөзден

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Үкіметтің кулуарында Абай облысындағы өртке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Өртті сөндіруге табиғи факторлар әсер етіп жатыр. Ол желдің жоғарғы жақтан күшеюі болып отыр. 14 тікұшақ өртті сөндіруге жұмылдырылды. 1500 адам мен 300 техника жұмыс істеп жатыр. Жақын арада өрт ошақтары сөндіріледі деп ойлаймыз. Жел бәсеңдеді. Жағдайды дұрыс бағаламаған. Өрт жылдам тараған соң, осындай жағдай болды. Қаза тапқандарға келетін болсақ, әрине, бұл өте қайғылы жағдай. Прокуратура тергеу жүргізіп жатыр. Бұл бойынша толық жауап береді», - деді Роман Скляр.

Ол атағандай, Премьер-министр бүгін нақты тетіктер әзірлеу керегін айтты.

«Ол барлық мемлекеттік органдардың міндетін айқындауы керек. Қорғаныс министрлігі мен ТЖМ, орман шаруашылығының барлық күштері тартылды. Бірақ мұндай жағдайда жылдам әрекет ету керегін айқындады. Біз өртті бірден сөндіруге блолатын сәтті жіберіп алдық. 22 мамырда осы орманда 5 мың гектарда өрт болды. Оны жедел түрде өшірді. Ал бұл жолы жағдайды дұрыс бағаламаған. Техника бойынша соңғы жылдары жағдай күрделі болып отыр. Біз техниканың орнын толтыру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Экология министрлігінің дайындығы 59 пайызға бағаланды», - деді ол.

Роман Скляр қаза тапқан орманшылардың өрт ошағына туфлимен кеткеніне қатысты пікір айтты.

«Бұл бойынша қылмыстық іс аясында тексеріледі. Рация, арнайы киімдерінің болмағаны тексеріледі. Қостанай облысындағы өрттен сабақ алмадық деп айта алмаймыз. Материалдық-техникалық базадағы жұмысты күшейттік. Өрт желдің әсерінен бірден өршіп кетті. «Ғарыш сапары» штаттық режимде жұмыс істеді. Бұл жағдай ТЖМ-де айтылды. Өрттің басталғаны туралы орман шаруашылығы да білді. Қайталап айтамын, жағдайды дұрыс бағаламаған. Өрттің ауқымы бағаланбады», - деді Скляр.

Айта кетейік, Абай облысындағы алапат өрттің салдарынан 14 орманшы қаза тапты.

Серіктес жаңалықтары