Жігіт әпкесімен сөзге келіп қалған
Шымкент полицейлері суицидтің алдын алды, деп хабарлайды Polisia.kz.
«16 наурыз күні жас жігіт тоғызыншы қабаттағы үйдің терезесінен секірмек болды. Қаратау аудандық Полиция Басқармасының учаскелік полиция инспекторлары Асқар Чуманов пен Медет Есенқұлов азаматты сөзге көндіріп, тоқтата білді», - деп жазылған хабарламада.
Жігіт әпкесімен сөзге келіп қалғандықтан суицид жасамақ болған.