$ 516.01  582.47  6.26
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.06.2023, 10:43
Оқиғалар

Атырауда 5-қабаттан секірмек болмақ ер адам құтқарылды

Ер адам мұндай қадамға отбасылық жанжал кесірінен барған

Атырауда 5-қабаттан секірмек болмақ ер адам құтқарылды
Фото ашық дереккөзден

Атыраулық полицейлер 5-қабаттан секіргелі тұрған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy polisia.kz-ке сілтеме жасап.

9 маусым күні сағат 17:00 шамасында 102 арнасына Авангард мөлтек ауданында орналасқан үйдің 5-қабатынан белгісіз ер азаматтың секіргелі тұрғаны жөнінде хабарлама түскен.

Оқиға орнына Атырау қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері және учаскелік полиция инспекторы дереу жетіп, көпқабатты үйдің 1-подъезді арқылы 4-қабатқа көтеріліп, аталған азаматтың пәтерінің терезесінен кіріп, ер адамды құтқарып қалған.

Полицейлер құтқарылған ер адамды қауіпсіз жерге шығарып, сөзбен басу айтып тыныштандырған. 1959 ж.т. ер адам отбасылық жанжал әсерінен осындай іс-әрекетке барғаны анықталып, қазіргі таңда алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Серіктес жаңалықтары