Абай облысындағы өртті сөндіруге 600-ден астам адам жұмылдырылды
Өрт ауданы 30 000 га құрайды
Абай облысында 6 учаскеде өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдары орман шаруашылығына өртті жоюға жәрдемдесуде, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, жергілікті атқарушы органдардан және Қорғаныс министрлігінен 600 астам адам, 168 техника жұмылдырылған.
"Орман шаруашылығы комитетінің ақпаратына сәйкес, өрт ауданы 30 000 га құрайды.
6 тікұшақ тартылды, өрт аумағын аэровизуалды тексеру және өрт ошақтарына су ағызу жүзеге асырылуда. Өрт ошақтарына әуеден 55 рет су төгілді, жалпы көлемі 154 тоннаны құрайды", - делінген хабарламада.
Министр Юрий Ильин Абай облысындағы өртке және өртті сөндіруге тартылған күштер мен құралдарды үйлестіру қажеттілігіне байланысты Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарын тоқтатты. Министр ТЖМ Дағдарыс жағдайында басқару орталығындағы штабты жеке өзі басқарады.