09.06.2023, 13:33
Оқиғалар
Жамбыл облысында сібір жарасынан бір ауыл карантинге жабылды
Ветеринария мамандары аурудың ошағын анықтағанымен, оның жұқтырған жерін таппай жатыр
Фото ашық дереккөзден
Жамбыл облысындағы екі ауданнан сібір жарасының ошағы анықталып, бір ауыл карантинге жабылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қазір Талас ауданы, Тамды ауылына төрт түлікті кіргізіп, шығаруға тиым салынған. Қауіпті ауруды жұқтырған үш ауылдың тұрғыны ауруханада жатыр. Сондай-ақ ауру белгісі Жуалы ауданы, Көлтоған ауылының тұрғынынан да анықталды, деп жазады qazaqstan.tv.
Қазір ветеринария мамандары аурудың ошағын анықтағанымен, оның жұқтырған жерін таппай жатыр. Мал сойған аумақ қоршалып, топырағы залалсыздандырылды.
Көп оқылған
11.09.2026, 14:46
Ақмолада бір топ шетелдіктің былығы әшкере болды: полиция олардың қайдан келгенін анықтады (ВИДЕО)
11.09.2026, 22:09
Әкімді танымай қалды: Тоқаевтың қолынан марапат алған екі баланың тәтті қылығы елді күлкіге қарқ етті (ВИДЕО)
11.09.2026, 21:07
«Әпкесінің балабақшасына 1,3 млрд теңге аударған»: Түркістанда білім бөлімінің басшысына қатысты сұмдық ақпарат тарады