05.06.2023, 09:40
Оқиғалар
Павлодарда суға батып бара жатқан мас әйел құтқарылды
Ол Усолка өзені жағасында демалып жүрген
Павлодарда суға батып бара жатқан әйел құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бүгін сағат 17:12 ЖҚК қызметкерлері Усолка өзенін патрульдеу кезінде суға батып бара жатқан әйелді көрген.
«Оқиға орнына жеткен құтқарушылар жедел бөлімшенің құтқару қайығымен суға батып бара жатқан әйелді құтқарып қалды. Оған медициналық көмек көрсетілді», - делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, әйел көптеген адамдармен бірге демалып жүрген әрі мас болған.
Оқиға орнына 102 және 103 қызметі шақырылды. Әкімшілік хаттама жасалды.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)