02.06.2023, 07:47
Оқиғалар
Петропавлда 48 жастағы әйелді көлік қағып кетті
Көлік құралы мамандандырылған тұраққа қойылды
polisia.kz
Петропавлда 48 жастағы әйелді көлік қағып кетті, ол қалалық ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полицияға бүгін, 1 маусымда Интернационал көшесінде жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабар түскен.
38 жастағы ер адам Audi 89 автокөлігімен көшені белгіленбеген жерінен өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткені белгілі болды.
48 жастағы әйел қалалық ауруханаға жеткізілді. Жүргізушіден медициналық куәландыру өткізу үшін қан алынды.
Көлік құралы мамандандырылған тұраққа қойылды. Жиналған материалдар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Петропавл полиция басқармасына жолданды.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді
05.10.2026, 13:46
Иран азаматтары Каспий теңізінде балық аулап жүріп, Қазақстан аумағына өтіп кеткен: олар 1 жылға сотталды
05.10.2026, 12:21
Қазақстанда алдағы күш күнде ауа райы 22 градусқа дейін жылы болады