$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.06.2023, 15:08
Оқиғалар

Қостанайда бойжеткен суға батып өлмек болды

Жас қызды полицейлер құтқарып қалды

Қостанайда бойжеткен суға батып өлмек болды
Фото: Polisia.kz

Қостанайлық полицейлер өз-өзіне қол салмақ болған қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

18 жастағы қыз үлкен көпірге жақын маңда өмірімен қош айтысуды шешкен. Ол Тобыл өзенінің ортасына қарай кеткен. Оны сол жерден өтіп бара жатқан жүргізушілер байқап, полицияға хабар берген.

Оқиға орнына Қайрат Қожахметов пен Мақсат Бәкіржан құрамындағы автопатруль қызметкерлері жедел келіп, қызды жағаға тез шығарып алды.

«Қоңырау түскен бойда біз бірден көпірге жеттік, қыз суда болды. Мен еш ойланбастан суға секірдім. Әріптесім мені жағалауда сақтандырып тұрды. Қыз тереңдікте болған жоқ, сондықтан оны жағаға тез шығарып, тексеріп, жедел медициналық жәрдемнің қолына тапсырдық», – деді Мақсат Бәкіржан.

Қазіргі уақытта полицейлер қыздың ата-анасын анықтап жатыр. Онымен психологтар жұмыс істейді.

Серіктес жаңалықтары