Ол теңіз деңгейінен 8500 м биіктікте тұрып қалған
Эверест тауының қауіпті аймағына тап болған альпинист құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy BBC ақпараттық порталына сілтеме жасап.
Непалдық гид Геле Шерпа ауа температурасы -30 градустан төмен болуы мүмкін Эверест тауының «өлім аймағы» деп аталатын жерінен малайзиялық альпинистті тапты. Ол сол жерде суықтан қалтырап, арқанға жабысқан күйінде тұрған.
Геле Шерпа альпинистті теңіз деңгейінен 8500 м биіктіктен алты сағат бойы түсірді, мұндай биіктіктен құтқару өте сирек кездесетін жағдай.