Павлодар облысында төрт жастағы бала кәріз жүйесіне құлап, көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Қайғылы оқиға Мойылды ауылында болған

Фото: Polisia.kz

Павлодар облысында төрт жастағы бала кәріз жүйесіне құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, 31 мамыр күні кешкі уақытта жедел түрде медициналық көмек керек екені туралы хабарлама түскен. 

Анықталғандай, бала ата-анасының назарынан тыс қалып, көрші үйлердің бірінің ауласында орналасқан ағаш палубамен жабылған септикке құлаған.

Жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнына 10 минутта жетті, алайда ол кезде баланың көз жұмғаны тіркелді.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 140-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сараптама тағайындалды.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, ҚР қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне бойынша «Адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі».