$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада ауруханадан 32 млн теңге жымқырған есепші сотталды

Әйелге 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды

Астанада ауруханадан 32 млн теңге жымқырған есепші сотталды
Коллаж: Azattyq Ruhy

Астанада көпсалалы аурухананың есепші-кассирі 32 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырғаны үшін 7 жылға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Елордалық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, іс материалдарында әйелдің қызметтік бабын асыра пайдаланып, 2021 жылдың 1 қаңтарынан 2022 жылдың 29 қарашасына дейін заңсыз иемдену және жымқыру жолымен ақша жымқырғаны көрсетілген.

«2023 жылғы 31 мамырда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотымен Астана қаласы әкімдігінің «№2 қалалық көпсалалы ауруханасы» ШЖ МКҚК есепші-кассирі А.-ға қатысты қызмет бабын пайдалана отырып, кәсіпорынның 32 миллион теңгеден астам сомада қаражатын заңсыз иемденгені үшін (ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы) үкім шығарылды. Қылмыс сыбайлас жемқорлық қылмыстарына жатпайды», - делінген сот хабарламасында.

Үкім шығару кезінде сот оның кінәсін мойындағанын, шын жүректен өкінгенін, келтірілген залалды толық және ерікті түрде өтегенін, сотталушының 27 жаста екенін және бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмағанын ескерді.

Әйелге 10 жыл мерзімге материалдық жауапкершілікке байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары