Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
Батыс Қазақстан облысында қос автокөлік соқтығысып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Апат 15 наурыз күні Атырау-Орал жолында болған. «Volkswaqen Passat» автокөлігі мен «ВАЗ-2114» автокөліктері түйіскен. Жол апаты салдарынан «Volkswaqen Passat» көлігінде болған 1981 және 1962 жылғы екі адам көз жұмды. Олардың денесін құтқарушылар шығарды», - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.