Шымкентте 3 жасар қыз бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Полицейлер оқиғаның қалай болғанын анықтап жатыр

Фото ашық дереккөзден

Шымкентте 3 жасар қыз көпқабатты үйдің бесінші қабат терезесінен құлап кетті. Оқиға кеше, 28 мамырда Республика даңғылы бойында болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бүлдіршіннің белгісіз жағдайда құлап кеткені туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс жағдайлар басқармасына сағат 15:00-де «103» жедел жәрдем қызметіндегілер хабарлаған.

2020 жылы дүниеге келген қыз дереу орталық ауруханаға жеткізілген. Жағдайы орташа ауыр. Оқиғаның орын алу себебін Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр.

Осы ретте төтеншеліктер қала тұрғындарын балаларды үйде қараусыз қалдырмауға шақырады.