$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.05.2023, 16:37
Оқиғалар

Павлодарда жаяу жүргіншіні өткізбеген жүргізуші жауапқа тартылды

Өңірде «Назар аударыңыз, балалар!» жедел алдын алу іс-шарасының қортындысын шығарылды

Павлодарда жаяу жүргіншіні өткізбеген жүргізуші жауапқа тартылды
Фото: pavlodarnews.kz

Павлодарда жаяу жүргіншіні өткізбеген жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, рейдтердің қорытындысы бойынша тәртіп сақшылары 4 мыңға жуық жол қозғалысы ережесін бұзу фактісін анықтады.

«Павлодарда «Тойота» автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншіні өткізбегені үшін ҚР ӘҚБтК 600-бабы 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылды. Екібастұз қаласында қиылыстан өту ережесін бұзған 18 жастағы жүргізуші басқарған «ВАЗ» автокөлігі тоқтатылды. Құқық бұзушыға қатысты ӘҚБтК-нің 594-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуаныш Мұстафинов.

Айта кетерлігі, жол қиылысында ережелерді бұзған 402 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, қауіпсіздік белдіктері мен балаларды ұстау құрылғыларын пайдалану ережелерін елемеген 463, жаяу жүргіншілерді өткізбеген 283 жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Серіктес жаңалықтары