$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.05.2023, 16:16
Оқиғалар

«Қылмыстарын мойындады»: Шымкентте полиция қызметкерлері пара алды деген күдікке ілінді

Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

«Қылмыстарын мойындады»: Шымкентте полиция қызметкерлері пара алды деген күдікке ілінді
Коллаж: Azattyq Ruhy

Шымкент қаласының полиция департаментіне қарасты аудандық полиция басқармасының бөлім бастығы мен тергеушісі пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қазір аталған қызметкерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

«Олар алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен жұбайына қатысты қамауға алумен байланысты емес бұлтартпау шарасын тағайындау үшін қала тұрғынынан 500 мың теңге көлемінде пара алған деп күдіктелді. Күдіктілер істеген қылмысын мойындап, шынайы өкінді», - делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары