$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.05.2023, 16:32
Оқиғалар

396 млн теңге пара алған: Антикор «Қазселденқорғау» ісі бойынша тергеуді аяқтады

Тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауда отыр

396 млн теңге пара алған: Антикор «Қазселденқорғау» ісі бойынша тергеуді аяқтады
Коллаж: Azattyq Ruhy

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Олар орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден жалпы сомасы 396 млн теңгеге ірі және аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін айыпталды. Тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауда отыр», - делінген Антикор хабарламасында.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс ҚР ҚПК 300-бабы тәртібінде сотқа жіберу туралы мәселені шешу үшін Алматы облысының прокуратурасына берілді.

«Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Сонымен бірге, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік Кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», - деп атап өтті ведомство өкілдері.

Серіктес жаңалықтары