23.05.2023, 13:53
Оқиғалар
Ақтөбе маңында сегіз жасар баланы көлік қағып мерт қылды
Қайғылы оқиға 22 мамырда болған
Фото ашық дереккөзден
Ақтөбеде 8 жастағы бала көлік дөңгелегінің астында қалып көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Диапазон» басылымының жазуынша, қайғылы оқиға 22 мамырда қала маңындағы Жаңа Қоныс ауылында болған.
«Хонда» көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде сегіз жасар баланы қағып кетті. Бала ауруханада көз жұмды», - делінген хабарламада.
Полицейлер жүргізушілерді жолда абай болып, ережені сақтауға шақырады.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 22:34
Ақтөбеде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)