Қайғылы оқиға Қызылжар ауданы Соколовка ауылының маңында болған
Солтүстік Қазақстан облысында ауыр жол апатынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаменті хабарлағандай, қайғылы оқиға 21 мамырда Қызылжар ауданы Соколовка ауылының маңындағы Есіл – Петропавл автожолының 39-шақырымында болған.
«Toyota Land Cruiser және Toyota Alphard автокөліктері соқтығысты. Соның салдарынан 6 адам зардап шекті; олардың арасында оқиға орнында қайтыс болған 64 жастағы Toyota Alphard жолаушысы бар. Өзге зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді», - делінген хабарламада.
Медициналық куәландыру актісіне сәйкес, екі жүргізуші де мас болмаған. Көлік құралдары мамандандырылған автотұраққа орналастырылды.
«ЖКО фактісі 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды», - делінген хабарламада.