19.05.2023, 21:13
Оқиғалар
Алматыда көпқабатты үйдің кіреберіс балконынан секірген бойжеткен қайтыс болды
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
t.me/kozachkow
Алматыда көпқабатты үйдің кіреберіс балконынан бойжеткен қыз құлап кетті. Оқиға орнынан түсірілген фото, видео әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы қалалық Полиция департаменті аталған деректі Бостандық аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша (Өз-өзін өлтіруге жеткізу) сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркегенін хабарлады.
«Болжам бойынша өз-өзіне қол салған 2000 жылы туған В. есімді азаматша. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның басқа мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді