Ширек финалдағы кездесулер де жоспарланған уақытта өтпейді
Еуропа футбол қауымдастықтарының одағы (UEFA) Еуропа лигасы мен Чемпиондар лигасының барлық матчтарын ресми түрде тоқтатты. Бұл туралы UEFA-ның Twitter-дегі парақшасында хабарланды.
«UEFA Еуропада COVID-19 вирусының таралуына байланысты келесі аптада өтеді деп жоспарланған мачтардың бәрін тоқтатты. Сондай-ақ Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының ширек финалдағы матчтары да кейінге қалдырылды», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы кейбір матчтар көрерменсіз өтіп, Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі Севилья (Испания) - Рома (Италия), Интер (Италия) - Хетафе (Испания) командалары арасындағы матч өткен жоқ.
Кейінге қалдырылған матчтардың қашан өтетіні туралы айтылмады.