19.05.2023, 10:47
Оқиғалар
Шымкентте 72 жастағы қария аурухананың үшінші қабатынан құлап қаза тапты
Марқұмның денесінен зорлық-зомбылықтың белгілері табылмаған.
Шымкентте 72 жастағы ер адам № 1 қалалық аурухананың үшінші қабатының терезесінен құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy OTYRAR-ға сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 18 мамырда түнгі сағат 23:30 шамасында болған.
Алдын ала мәліметтер бойынша, марқұмның денесінен зорлық-зомбылықтың белгілері табылмаған.
Белгілі болғандай, зейнеткер өз-өзіне қол жұмсамақ болғаннан кейін ауруханаға түскен. Бұл нұсқа Денсаулық сақтау басқармасында әлі расталған жоқ. Қария Әл-Фараби ауданындағы Айқап шағын ауданында тұратын, отбасы, балалары бар. Куәгерлердің айтуынша, бірнеше күн бұрын зейнеткерге ұлы келіп кеткен.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
