$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.05.2023, 09:26
Оқиғалар

Алматы облысында пойызға тас лақтырған тұрғын жазаланбақ

34 жастағы ер адамның үстінен хаттама толтырылды

Алматы облысында пойызға тас лақтырған тұрғын жазаланбақ

Алматы облысында ер адам темір жолдарды белгіленбеген жерден кесіп өтіп, жүк пойызына тас лақтырған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ІІМ баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға 13 мамырда болған.

«Алматы-1 станциясындағы желілік полиция басқармасына жүк пойызының машинисі темір жолда адамның болуына байланысты шұғыл тежеу қолданып, осылайша адамды қағып кетудің алдын алғаны туралы хабарлама келіп түсті. Пойыз 7 минутқа тоқтап қалған», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар құқықбұзушы Шамалған станциясының өткелінен өтіп бара жатып жүк пойызына тас лақтырып, кейін қашып кеткен.

«Алматы облысының 34 жастағы тұрғынын анықталды. ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабы 5-бөлігі мен 434-бабы 1-бөлігі бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылды. Ұсақ бұзақылық бойынша іс шешім қабылдау үшін Алматы облысы Қарасай аудандық сотына жолданды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары