Ақтөбеде газ өңдеу зауытындағы өрттен зардап шеккен екінші адам көз жұмды
Қалған тағы екі науқас емделіп жатыр
Елордалық клиникада Ақтөбе облысындағы Жаңажол газ өңдеу зауытында өрттен зардап шеккен екінші адам қайтыс болды, деп хабарлады Azattyq Ryhy 24.kz-ке сілтеме жасап.
Осыған дейін оның 56 жастағы әріптесінің қайтыс болғаны белгілі болған еді.
Естеріңізге сала кетейік, қондырғылардың бірінде өрт 1 мамырда болған. Нәтижесінде жөндеу жұмыстарын жүргізген төрт қызметкер күйік алды. Қазір екі жәбірленушінің біреуі Астанада, екіншісі Ақтөбеде емделуді жалғастырып жатыр.
«1993 жылы туған үшінші науқас та қиын жағдайда, бірақ болжамы оң болып отыр. Ол теріні трансплантациялауға дейін өте ұзақ емдеуді қажет етеді. Төртінші пациент жансақтау бөлімінде болды, қазір оның жағдайы тұрақтанды. Ол толық ем алады», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.