8 наурызда зорланған оқушы қыздың ісіне қатысты жаңа деректер шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Жасөспірім қызға жәбір көрсеткендер ұзақ мерзімге сотталуы мүмкін

Сурет : gdb.rferl.org12

Оралда 9-шы сыныпта оқитын қызды зорлағандардың арасында кәмелет жасына толғандар да болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның хабарлауынша, 8 наурыз мерекесін атап өтпек болған оқушылар тәулікке жалға берілетін пәтерде бас қосқан. Зорлық та сол жерде болыпты. Сақшылар үйін кәмелетке толмағандарға жалға берген тұрғынды да тергеуге алды. Полицияның мәліметінше, ары тапталған қыздың анасы 9-наурыз күні құзырлы орындарға арыз түсірген.

«Осы арыз негізінде ҚР ҚК 120-бабының 3-бөлігі 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жалғасуда», - деді БҚО ПД бастығы Шералы Әбдірахманов.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, бұл аса ауыр қылмыс санатына жатады. Егер айыптары дәлелденсе, күдіктілер 17 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.