Конгода су тасқынынан 411 адам қайтыс болды

Azattyq Rýhy

Сарапшылар мұны Африка тарихындағы ең қауіпті табиғи апатқа теңеп отыр

Конгода су тасқынынан 411 адам қайтыс болды
Фото AP Photo/Moses Sawasawa

Конго Демократиялық Республикасының шығысында 5 күн бұрын басталған су тасқынынан көз жұмғандар саны 411 адамға жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Көп жерде жауын-шашын соңы лай көшкініне ұласқан. Сарапшылар мұны Африка тарихындағы ең қауіпті табиғи апатқа теңеп отыр. Билік 5 жарым мыңнан астам тұрғынның із-түзсіз жоғалып кеткенін хабарлады. «Қызыл Крест» ұйымы мен жергілікті құтқарушылар қиранды астынан мәйіттерді әлі де шығарып жатыр. Сондықтан, қаза тапқандар көп болуы мүмкін. Халық қайтыс болғандарды жеке-жеке жерлемей, көп адамды бірге көміп жатқанын айтып шағымдануда.

«Құтқару ісін тиімді жүргізе алмай жатырмыз. Ол үшін бізге арнайы құрал-жабдық қажет. Үйінді астында жатқан мәйіт көп. Қирандыны жалаң қолмен, жай күрекпен аршып жатырмыз. Арнайы техника болса, жақсы болар еді», - дейді «Қызыл Крест» ұйымының өкілі Джон Кашинзуе.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.