ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 794 адамнан коронавирус анықталды

Қырғызстанда «ЕЅТАТЕ» ЖШС директоры ұсталды

Ол Бішкектегі тергеу изоляторына қамалды

Әсет Ысқақов ақпан айында шекараны кесіп өтіп, Бішкекте жасырынған. Қазақстан тарапы Қырғыз Республикасының құзыретті органдарына оны отанына экстрадициялау үшін тиісті материалдарды жіберді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz сілтеме жасап.

Осылайша, елден қашып кеткен барлық үш компанияның басшылары бүгінгі таңда қамауда. Жедел-тергеу шаралары кезінде полиция жалпы саны 17 күдіктіні ұстады. Олар 42 мың тұрғынды алдап-соғып 5 млд теңгесін жинап алған.

Ішкі істер органдары «Гарант 24 Ломбард», «ЕЅТАТЕ Ломбард» және «Выгодный займ» қаржы пирамидаларының басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан ІІМ-нің сұрауы бойынша Молдова Республикасының Кишинев қаласында тәртіп сақшылары «Гарант 24 Ломбард» құрылтайшысы Аслан Мырзабековты ұстады. Ал Қазақстан мен Ресей шекарасында жергілікті полицейлер «Выгодный займ» ЖШС құрылтайшысы Жанболат Есіркеповты қолға түсірген болатын.