Таиланд тарапы виза беруді тоқтатқаны жайлы ресми ақпарат жіберген жоқ - СІМ

Автор: Azattyq Rýhy

Дипломаттар мән-жайды түсіндірді

ҚР Сыртқы Істер министрлігінің хабарлауынша, бірқатар отандық БАҚ Таиланд билігі коронавирустың таралуына байланысты 18 мемлекетке оның ішінде Қазақстан азаматтарына да елге кіру тәртібін қатаңдатты деген мәлімет таратқан. Алайда, СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың сөзінше, әзірге Таиланд тарапынан ресми ақпарат түспеген.

«Біздің Бангкоктағы елшілігіміз Таиланд Сыртқы істер министрлігімен байланысып, бұл мәселе тай құзыретті органдарының қарауында жатқанын және аталмыш ережелердің  өз күшіне енбегенін анықтады. Қандай да бір ақпарат пайда болған жағдайда, біздің дипломаттарға алдын ала хабарлайтын болады», - деді ресми өкіл.