$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.04.2023, 16:46
Оқиғалар

Павлодарда қыз бала бесінші қабаттан құлап кетті

Дәрігерлердің айтуынша, бала ауыр жағдайда жатыр

Павлодарда қыз бала бесінші қабаттан құлап кетті
Фото ашық дереккөзден

27 сәуір күні Павлодар қаласына қарасты Мойылды ауылында қыз бала бесінші қабаттан құлап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сағат 12:41 шамасында 2018 жылы туған қыз бала бесінші қабаттан құлаған. Сағат 13:20-да облыстық балалар ауруханасының травматологиялық бөлімшесіне жеткізілген. 

«Баланы травматолог, хирург, реаниматолог қарады. Содан кейін шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызылды. Жабық бас сүйек-ми зақымы, мидың шайқалуы, оң жақ өкпенің зақымдалуы, іштің сыздап ауруы анықталды. Ота жасалды», - деді басқармада. 

Қазіргі уақытта қыз бала жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр.

Серіктес жаңалықтары