«Мен еліме ораламын»: Күдебаевтың ұлы әкесінің құқық қорғау органына өз еркімен берілгенін айтты
Халықаралық іздеуде болған генерал-майор 27 сәуір күні елге жеткізілді
Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың ұлы Арман Мырзақұлов әкесінің ұсталғанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Арман Мырзақұловтың айтуынша, халықаралық іздеуде болған генерал-майор құқық қорғау қызметкерлеріне өз еркімен берілген.
«Кенже інім Асанбекке хабарласып, «мен еліме қайтып бара жатырмын, мен сендерді жақсы көремін, еліме ораламын. Мен қазір хабарластым, мені алып кетеді» деп айтыпты. Ал бұқаралық ақпарат құралдарында ұстадық деп жазып жатыр», - деді Күдебаевтың екінші ұлы Арман Мырзақұлов.
Еске сала кетейік, бұған дейін Серік Күдебаевтың шекара асып Түркия еліне қашып кеткені мәлім болған еді. Ал күні кеше ғана Бас прокуратура генерал-майордың елге жеткізілгенін хабарлады.