25.04.2023, 11:49
Оқиғалар
Алматыда ҰҚК департаментінің бұрынғы басшысына қатысты сот үкімі шықты
Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады
Коллаж: Azattyq Ruhy
Алматының Алмалы аудандық соты Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы бойынша департаментінің бұрынғы басшысына қатысты істі қарады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Сот оны билікті және қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланды деп айыптап, кінәлі деп таныды.
«Сот М.-ны ҚР Қылмыстық кодекстің 362-бабының 4-бөлігі бойынша айыпты деп тауып, ҰҚК генерал-майоры арнайы атағынан, 10 жылға мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында лауазымды қызметтер атқару құқығынан айырумен қатар, 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды», - деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті